(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.14.03 № 333 ҚАУЛЫСЫ
«Қазконтент» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша қабылдауды келісу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 333 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының «Қазконтент» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының пакетін республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша беру туралы ұсынысын қабылдауға келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 333 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
Редакция документа
Демо – версия документа