Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МӘМІЛЕЛЕР МОНИТОРИНГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕК...

Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығы

(2019.18.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2017.15.12. № 728 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 16 наурыздағы

№ 176 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру
қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 6 және 7-баптарына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органдарға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың, оның ішінде мәміле мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілені жүзеге асыратындардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку