(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АВАРИЯ, ӨРТ, ТАБИҒИ АПАТ САЛДАРЫН ЖОЮ КЕЗІНДЕ ЖӘНЕ ...
Авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 502 бұйрығы
(2019.21.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ережесі 16-тармағының 14-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция (И.В. Лепеха), Төтенше жағдайлар (В.В. Петров) комитеттеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 502 бұйрығына
қосымша
Авариялар, өрт, стихиялық зардаптар салдарын жою кезінде және
басқа да төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.21.06. № 567 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа