(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ҒАРЫШ АППАРАТТА...
Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығы
(2016.14.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ә. Исекешев |
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 524 бұйрығымен бекітілді
Редакция документа
Демо – версия документа