«Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 20 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 20 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Нусупов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 наурыздағы
№ 115-НҚ бұйрығына
қосымша
Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа