(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТӘУЕКЕЛДЕРДІ Б...
Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 Қаулысы
(2014.27.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
4. Екінші деңгейдегі банктер 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 29 қаулысымен
бекітілді
Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидалары
Осы Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзiрлендi және екінші деңгейдегі банктердiң (бұдан әрі - банк) үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру тәртібін белгiлейдi.
1. Директорлар кеңесі, банк басқармасы тарапынан банктің қызметін және оның қаржылық жағдайын тиімді бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін банктерде тәуекелдерді басқару жүйелерінің, ішкі бақылауын қалыптастыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде мыналарды:
Редакция документа
Демо – версия документа