(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 565 Қаулысы
(2019.29.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 6 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 24 мамырдағы
№ 565 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2019.29.08. № 637 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесінде:
2-тармақтағы «1995 жылғы 26 желтоқсандағы» деген сөздер «2007 жылғы 28 ақпандағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетімен келісу бойынша осы мүлік жедел басқаруында тұрған тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»;
Редакция документа
Демо – версия документа