Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы Хаттама

Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери

барлау саласындағы ынтымақтастық туралы

Хаттама

 

2022 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енді

 

Бұдан әрі «Тарап» немесе «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі,

бұдан әрі «Келісім» деп аталатын 2018 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып,

екі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі барлаудың рөлін және әскери барлау саласындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз құру қажеттігін ескере отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

Мақсаты

 

Осы Хаттаманың мақсаты 4-бапта айқындалған ынтымақтастық салаларындағы әскери барлау ақпаратын алмасудың міндеттемелерін, шарттары мен тәртібін айқындау болып табылады.

 

 

2-бап

Анықтамалар

 

1. Әскери барлау ақпараты - осы Хаттаманың мақсатына сәйкес берілетін жазбаша, ауызша немесе көрнекі нысандағы ақпарат, сондай-ақ СD-де, DVD-де, фильмдерде, фотосуреттерде, слайдтарда қамтылған, электрондық түрдегі және т.б. ақпарат.

2. Әскери персонал - осы Хаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шараларға қатысатын персонал.

 

 

3-бап

Уәкілетті органдар

 

1. Мыналар:

Қазақстан Республикасының Үкіметінен - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

Түркия Республикасының Үкіметінен - Түркия Республикасының Бас штабы осы Хаттаманы іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.

2. Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

 

 

4-бап

Ынтымақтастық салалары

 

 

Тараптар мынадай салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырады:

1) өзекті тақырыптар бойынша әскери барлау ақпараты мен сараптамалық бағалауларды өзара алмасу;

2) Тараптар мемлекеттерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін өңірдегі (мемлекетте) әскери-саяси ахуалдың дамуын мониторингтеу;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку