«Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қағидаларын, олардың түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 404 Қаулысы
Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қағидаларын, олардың түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 404 Қаулысы
«Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қағидалары, олардың түрлері бекітілсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
бекітілген
Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру
қағидалары, олардың түрлері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру қағидалары, олардың түрлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабына сәйкес әзірленді және қылмыстық процеске қатысушы адамдарға (бұдан әрі – қорғалатын адамдар) жеке қорғану, өзін-өзі қорғау, байланыс, қауіптілік туралы хабарлау құралдарын және техникалық құралдарды беру тәртібін, олардың түрлерін айқындайды.
Демо – версия документа