Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын бекiту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 877 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын бекiту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 877 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын бекiту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 тіркелген, 2007 жылғы 3 тамызда «Юридическая газета» № 118 (1321) газетасында жарияланған бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялау және эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 2 қазандағы

№ 877 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы 23 мамырдағы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку