«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 558 Қаулысы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)
«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 558 Қаулысы
(2022.03.06. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҰАҒБО» КеАҚ) «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің (бұдан әрі - серіктестіктер) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің 100 (жүз) процентін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «ҰАҒБО» КеАҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) серіктестіктердің мемлекеттік жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Демо – версия документа