Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 467 Қаулысы (2022.29.06. берілген өзгерістермен)

Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 467 Қаулысы

(2022.29.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2022.29.06. № 450 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2022.29.06. № 450 Қаулысымен ұлттық жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 19 тамыздағы

№ 467 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың

ұлттық жоспары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспары (бұдан әрі – Жоспар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Жоспар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

3. Осы Жоспарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) авариялық жағдай – ядролық және радиациялық авариялық жағдайды қамтитын және адам денсаулығы мен қауіпсіздігі немесе өмір сүру сапасы, меншік немесе қоршаған орта үшін қауіпті немесе қолайсыз салдарды жеңілдету үшін жедел шаралар қабылдауды талап ететін штаттан тыс жағдай немесе штаттан тыс оқиға;

2) аварияның туындау қаупі – адамдардың өмірі мен денсаулығына, олардың мүлкі мен қоршаған ортаға қауіп төнетін жай-күй;

3) алаң аумағы – шекара периметрі шегінде пайдаланушы ұйымға, қоршауға не көрсеткішке іргелес аумақ;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции