«Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығы (2025.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығы
(2025.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2024.25.12. № 875 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 161) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
ҚР Қаржы министрінің 2024.25.12. № 875 бұйрығымен өлшемшарттары жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа