«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 395 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 395 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталі» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 20 мамырдағы
№ 395 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
Демо – версия документа