«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтердің нысанын, оларды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 1 бұйрығы
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтердің нысанын, оларды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 1 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген, Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларының 5-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтердің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының:
1) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді ұсыну ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 425 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3873 болып тіркелген, 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 243-244 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
2) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік туралы мәліметтерді ұсыну ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 425 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 434 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4414 болып тіркелген, 2006 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 16, 124-құжат) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Демо – версия документа