(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАҒАЛАУ СТАНДАРТТАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСП...
Бағалау стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығы
(2024.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.23.08. № 876 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.23.08. № 876 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы мүліктің құнын бағалау» бағалау стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiктiң құнын бағалау» бағалау стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Құн түрлері» бағалау стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау» бағалау стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Бизнесті бағалау және бизнеске қатысу құқығы» бағалау стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қаржы құралдарын бағалау» бағалау стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10580 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Редакция документа
Демо – версия документа