«Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 328 бұйрығы
Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 328 бұйрығы
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйырық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйырыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған осы бұйырықтың қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 328 бұйрығымен
бекітілді
Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының
қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының тәртібін айқындайды.
Демо – версия документа