(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2015.29.09 № 498 БҰЙРЫҒЫ
Шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған, Шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
2. «Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10315 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Редакция документа
Демо – версия документа