Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕ...

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 35 бұйрығы

 

Осы редакция 2022 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Қағидалардың 93-тармағы 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап 28 ақпанды қоса алғандағы кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«93. Әлеуетті өнім берушінің жобалау бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде осындай сараптама ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының хаттарымен расталады.».

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку