(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 Қаулысы
(2016.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 735 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасында жүргізілетін, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтері бар ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы № 198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 8, 51-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жүргізілетін, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтері бар ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тіркеудің тәртібінде 9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ҒЗТКжЖТЖ туралы ғылыми-техникалық есеп ҒЗЖ туралы есепті ресімдеудің құрылымы мен ережесін регламенттейтін ұлттық стандарттың (МЕМСТ 7.32-91) талаптарына сәйкес ресімделуі тиіс.».
2. «Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесінде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа