«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16445 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Декларант тауарларға арналған декларацияға енгізілген мәліметтерді тексереді және тексеру аяқталғаннан кейін, ескерту болмаған жағдайда тауарларға арналған декларацияның 54-бағанына қолын қойып оны куәландырады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Декларант транзиттік декларацияға енгізілген мәліметтерді тексереді және тексеру аяқталғаннан кейін, ескерту болмаған жағдайда транзиттік декларацияның 50-бағанына қолын қойып оны куәландырады.
Транзиттік декларацияны куәландыру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы декларантқа жол беріледі. Бұл жағдайда транзиттік декларацияның қағаз данасы басып шығарылмайды.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Декларант КҚКД енгізілген мәліметтерді тексереді және тексеруді аяқтағаннан кейін ескертулер болмаса КҚКД 13-бағанында өзінің қолын және мөрін қойып куәландырады (жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда).»;
Демо – версия документа