Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 320 бұйрығы

Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 320 бұйрығы

 

«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

1) «Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 шілдедегі № 380 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15626 болып тіркелген);

2) «Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 тамыздағы № 408 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21162 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку