Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ КОМИССИЯСЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН Р...

Республикалық бюджет комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Қаулысы

(2018.06.11. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-1) тармақшасына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Республикалық бюджет комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 15 қаңтардағы

№ 10 қаулысымен

бекітілген

 

 

Республикалық бюджет комиссиясы туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.

 

 

2. Комиссия қызметінің мақсаттары

 

3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаттары жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

 

 

3. Комиссияның міндеттері мен функциялары

 

4. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мен жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку