(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ МҮЛІКТІК ЖАЛДАУҒА(ЖАЛҒА АЛУҒА) ...
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурызда № 212 бұйрығы
(2015.23.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы
№212 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.23.10. № 679 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа