«Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 Қаулысы (2020.23.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 Қаулысы
(2020.23.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 Қаулысымен күші жойылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 707-құжат);
2) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1073 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 575-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 32 қаулысымен
бекітілген
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2020.23.09. № 601 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Документ утратил силу
Демо – версия документа