«Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 238 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 30 мамыр
№ 238
Президентінің
2023 жылғы 30 мамырдағы
№ 238 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) туралы ереже «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – «Прокуратура туралы» Конституциялық заң) 28-бабының негізінде әзірленді.
Үйлестіру кеңесі Бас прокуратураның, бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалар және астана) прокуратуралардың жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Демо – версия документа