Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 513 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 513 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 наурызда жарияланған):

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы»;

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10496 тіркелген, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған):

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы»;

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сараптама ұйымдарына қойылатын қоса берiлiп отырған рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку