(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI БАНКТЕРДІҢ ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТ...
Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 Қаулысы
(2016.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика» туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.30.05. № 143 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;
9) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.11. № 273 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа