(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ...
Тұтыну кооперативі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 8 мамырдағы № 197-II Заңы
(2015.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң тұтыну кооперативтерiнiң құқықтық жағдайын, олардың құрылуының, қызметiнің, оларды қайта ұйымдастыру мен таратудың ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайларын, мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, басқару және бақылау органдарының өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi.
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
мүлiктiк (пайлық) жарна - тұтыну кооперативiнiң мүлiктiк (пайлық) қорына тұтыну кооперативi мүшелерiнiң ақшалай, мүлiкпен немесе ақшалай бағасы бар мүлiк құқығымен қосатын жарнасы;
мүлiктiк (пайлық) қор - тұтыну кооперативiн құру немесе оған кiру кезiнде мүшелерi енгiзетiн мүлiктiк (пайлық) жарналардан тұратын және тұтыну кооперативiнiң мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылатын қор;
тұтыну кооперативі - қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгi;
резервтiк қор - төтенше жағдайлардың салдарынан келтiрілген залалдарды жабуға арналған қор, оны қалыптастыру мен пайдалану тәртібі тұтыну кооперативiнiң жарғысымен белгiленедi;
Редакция документа
Демо – версия документа