(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.10.02 № 214 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 214 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарын, Алматы, Астана қалаларын қоспағанда 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 120-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қызмет алушылардың мынадай:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар);
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрі - 18 жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (бұдан әрі - мүгедектер);
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар (бұдан әрі - қарттар);
Редакция документа
Демо – версия документа