«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы (күші жойылды)
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 828 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 85-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы (бұдан әрі - ұлттық жоба) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұлттық жобаның орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық жобаның жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен көзделген іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 12 қазандағы
№ 726 қаулысымен
бекітілген
«Білімді ұлт» сапалы білім беру»
ұлттық жобасы
1. Паспорт
1. Атауы | «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы |
2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты | Барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру |
3. Іске асыру мерзімі | 2021 - 2025 жылдар |
Документ утратил силу
Демо – версия документа