«2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 435 бұйрығы
«2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 435 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 26 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің 2024 жылға арналған кестесі (бұдан әрі - Кесте) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Кестеде көрсетілген ведомстволар басшылары мен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры Кестеде белгіленген мерзімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Демо – версия документа