Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Автомобиль көлік құралдарының шығарындыларын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 1/191 Қаулысы

Автомобиль көлік құралдарының шығарындыларын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 1/191 Қаулысы

 

«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 9-28) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлік құралдарының шығарындыларын мониторингілеу қағидалары бекітілсін.

2. Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы қаулының Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

3. «Автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды өлшеуді жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 1/56 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 3 ақпандағы № 1716 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкімнің орынбасары

А. Амрин

 

Әкімнің орынбасары

2025 жылғы 21 ақпандағы

№ 1/191 қаулысына қосымша

 

 

Автомобиль көлік құралдарының шығарындыларын мониторингілеу

қағидалары

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы автомобиль көлік құралдарынан шығарындылар мониторингінің қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 - бабының 9-28) тармақшасына, «жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес әзірленді және автомобиль көлік құралдарының шығарындыларын мониторингтеу тәртібін айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку