«Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 745 бұйрығы
«Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 745 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7020 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 21 шілдедегі № 103 (1919) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жолдарды пайдалану қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тармақ иеленуші (контрагент) шартты негізінде тасымалдау процесінің қатысушыларына кірме жолдар қызметтерін көрсетеді.
Тармақ иеленуші (контрагент) табиғи монополия субъектісі болып табылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетуге шарт жасасады.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кірме жолдарды пайдалану жоспарланған және жоспардан тыс жұмыстарды орындаған жағдайларда, қозғалыс қауіпсіздігі мен жылжымалы құрамның, контейнерлердің, жүктердің сақталуына қауіп төндіретін ақаулар анықталған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көліктік бақылау органының актісі негізінде тармақ иеленушімен тоқтатылады.
Жоспарланған жұмысты тармақ иеленушілер жұмыстың басталуы мен аяқталуы көрсетілген, кірме жолдардың жөндеу жұмыстарының графигі негізінде орындайды. Кірме жолдардың жөндеу жұмыстары жоспарланған жоспарлы жұмысты өткізу кестесін тармақ иеленуші күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей бекітеді.
Жоспардан тыс жұмыс «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес мемлекеттік көліктік бақылау органының анықталған бұзушылықтар туралы акті негізінде жүргізіледі.
Демо – версия документа