(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1995 Ж. 5 ҚАЗАНДАҒЫ № 2486 ҚР ЗАҢЫ
Өндiрiстiк кооператив туралы
1995 жылғы 5 қазандағы № 2486 Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.07.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 2 баптар)
2-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi құру (3 - 7 баптар)
3-тарау. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiк (8 - 14 баптар)
4-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi басқару (15 - 19 баптар)
5-тарау. Өндiрiстiк кооператив қызметiнiң (20 - 23 баптар)
экономикалық негiздерi
6-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру (24 - 25 баптар)
және тарату
ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді
Осы Заң өндiрiстiк кооперативтердiң құқықтық жағдайын, оларды құрудың, қызметiнiң, қайта ұйымдастырудың және таратудың ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік шарттарын, мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, басқару және бақылау органдарының өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
1-бап. Өндiрiстiк кооператив ұғымы
1. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын (пайларын) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив болып танылады.
2. Өндiрiстiк кооператив коммерциялық ұйым болып табылады.
3. Өндiрiстiк кооператив заңды тұлға болып табылады.
ҚР 12.07.01 ж. № 241-II Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Өндiрiстiк кооперативтердi құрудың және
оның қызметiнiң негiзгi принциптерi
Өндiрiстiк кооперативтер мынадай принциптер негiзiнде жұмыс iстейдi: мүшелiкке кiру мен шығудың еркiндiгi;
мүлiктiк (пайлық) жарна енгізу мiндеттiлiгi;
басқарудың демократиялылығы;
Редакция документа
Демо – версия документа