Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ТУРАЛЫ С...

Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.12. № 1151 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 маусымдағы

№ 730 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.28.01. № 100 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттамалар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесіне енгізеді.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.28.01. № 100 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

сертификат беру кезінде - 15 (он бес) күнтізбелік күні;

сертификаттың телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку