«Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығы (2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
(2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 312 Жарлығымен күші жойылды
Республиканың дене шынықтыру және спорт саласын дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қаңтардың 11-і.
№ 168
ҚР Президентінің 2023.13.04. № 195 Жарлығымен «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылды (2023 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 168 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
2. 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың жалпы пайымы
4. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары
5. Іске асыру кезеңі және күтілетін нәтижелер, нысаналы индикаторлар
Документ утратил силу
Демо – версия документа