(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ МЕН ОНЫҢ ПАТРОНДАРЫНЫ...
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа