(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКIМЕТIНIҢ КЕЙБIР ШЕШIМДЕРIН...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 34 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып тағайындалсын:
1) Халықаралық Валюта Қоры:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев (келісу бойынша),
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;
2) Халықаралық Қайта құру және Даму банкі:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов;
3) Еуропа Қайта құру және Даму банкi:
Редакция документа
Демо – версия документа