(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ АСА ЖЕҢІЛ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРТИФИКАТ...
Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 193 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11723 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған);
2) «Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11721 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Редакция документа
Демо – версия документа