(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 569 Қаулысы
(2016.23.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 569 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7.1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті комиссияның жұмыс органы болып табылады.»
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы мүшелерінің құрамы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа