(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАМТИТЫН ӨНДІРІС ПАС...
Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығы
(2021.09.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2021.09.08. № 257 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) «Бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын өндіріс паспортының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 156 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7186 тіркелген);
Редакция документа
Демо – версия документа