(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТАРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЕСЕПТЕ...
Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұйымдар педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтеріне жалақыны есептеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 40, 42 және 43-тармақтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
2020 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 мамырдағы
№ 191 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу
Редакция документа
Демо – версия документа