(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ», «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТ...
Қазақстан Республикасының
Заңы
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы
(2016.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-тарау. Университеттің, зияткерлік мектептердің және қордың құқықтық мәртебесі | |
3-тарау. Университет, зияткерлік мектептер және қор қызметінің айрықша құқықтық режімі |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бастамасы бойынша құрылатын «Назарбаев Университетінің» (бұдан әрі - Университет), «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» (бұдан әрі - Зияткерлік мектептер) және «Назарбаев Қорының» (бұдан әрі - Қор) құқықтық мәртебесін және олардың құрылуы мен қызметінің айрықша құқықтық режімін айқындайды.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) дербес білім беру ұйымы - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі осы Заңда айқындалатын, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым;
2) Зияткерлік мектептер ұйымдары - Зияткерлік мектептер құратын коммерциялық емес ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Зияткерлік мектептерге тиесілі басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары;
3) «Назарбаев Университеті» білім беру гранты - осы Заңда белгіленген шарттарда тиісті білім беру деңгейі бойынша Университетте немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға берілетін нысаналы ақша сомасы;
4) «Назарбаев Университеті» стипендиясы - «Назарбаев Университеті» білім беру гранты бойынша білім алушыға берілетін ақша сомасы;
Редакция документа
Демо – версия документа