(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚО...
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 18 маусымдағы
№ 674 қаулысымен
бекітілген
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының
2014 - 2023 жылдарға арналған даму
стратегиясы
Мазмұны
3. Холдингтің интеграцияланған даму институты ретінде қалыптасуы үшін қойылатын міндеттер
4. Холдинг дамуының стратегиялық бағыттары
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Холдинг) «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына сәйкес құрылды.
Холдингтің жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа