(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ - ЕЛБАСЫ...
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 5 шілдедегі № 222-II Заңы
(2010.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.14.06. № 290-IV ҚР Заңымен тақырыбы мен мәтініндегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» деген сөздерден кейін тиісінше « - Елбасының», « - Елбасы» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға ерекше үлес қосқан адамдарды Қазақстан Республикасы Президентінің көтермелеуіне байланысты қатынастарды реттейді.
1. Осы Заңмен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) тағайындалады.
2. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге:
демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін;
бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен бірдей қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін;
қоғамдық және ұлтаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін;
Редакция документа
Демо – версия документа