(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 05.07.01 Ж. № 222-ІІ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 5 шілдедегі № 222-II Заңы
Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға ерекше үлес қосқан адамдарды Қазақстан Республикасы Президентінің көтермелеуіне байланысты қатынастарды реттейді.
1. Осы Заңмен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) тағайындалады.
2. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге:
демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін;
бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен бірдей қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін;
қоғамдық және ұлтаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін;
Қазақстанның ұлттары мен ұлыстарының мәдениеті мен тарихи дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыратын терең ойлы публицистикалық шығармалары үшін береді.
Редакция документа
Демо – версия документа