(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГ...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 Қаулысы
(2020.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық бөлімшелер мен мемлекеттік мекемелердің атаулары өзгертілсін.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 934 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдарың акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берсін.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 701 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа