(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР ТУРАЛЫ ҚР 16.01.01 Ж. №...
Коммерциялық емес ұйымдар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II Заңы
(2015.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2015 жылғы 2 тамыздағы № 343-V Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы № 391-V Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары | |
3-тарау. Коммерциялық емес ұйымды құру, қайта ұйымдастыру және тарату | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-бап. Осы Заңмен реттелетін мәселелер
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты туындайтын қатынастар болып табылады.
Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың құқықтық жағдайларының, құрылуының, қызметiнiң, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ерекшелiктерi арнайы заңдармен регламенттеледi.
2-бап. Коммерциялық емес ұйым ұғымы
Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
3-бап. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және басқа да заң актілерінен тұрады.
Редакция документа
Демо – версия документа