(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2014.03.02 № 11 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 11 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қ. Келімбетов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 11 қаулысына қосымша
Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа